Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәл оқиға орнында бес адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер арашашы болып үлгермей көз жұмған.
Щучинск қаласындағы жантүршігерлік жарылыс: облыстық  Денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді
128
оқылды

Щучинск қаласында болған газ жарылысынан жөнінде тың ақпарат тарады. Қайғылы оқиға жөнінде Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек ресми түсініктеме берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермектің мәліметінше, 26 ақпан күні түнгі сағат 22.01-де Щучинск қаласындағы Бурабай аудандық ауруханасына “Центр плова”дәмханасынан шақырту түскен. 

 Зардап шеккендерді эвакуациялауды ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп жедел жәрдемнің 4 бригадасы жүргізді. Оқиға орнында 5 адам қаза тапты, тағы 2 адам ауруханаға жеткізілген кезде көз жұмды. Қазір Щучинск аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр және аса ауыр халдегі 4 науқас жатыр, 3 науқас травматология бөлімінде, 8 адам амбулаториялық ем қабылдауда. 6 науқас Көкшетау қаласындағы көпсалалы облыстық ауруханаға эвакуацияланды, дейді Ақмола облыстық  Денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.