Петропавлда 21 жастағы жас жігіт үйінде өзін мылтықпен атып өлтірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты
Жас жігіттің анасы сол кезде үйде болған.
Полицияның мәліметінше, жас жігіт қызымен ұрысып, содан кейін өміріне өзі қол жұмсаған деп болжанып отыр. Оқиға 18 ақпан күні тіркелген. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, оқиғаның нақты себептері әлі анықталады.
Жас жігіт Петропавлдағы бір сауда орталығының кинотеатрында аниматор болып жұмыс істеген.