Нәтижесінде, Рахман қайнарына және оған жақын орналасқан табиғи нысандарға апарар 15 шақырымдай жол жөнделмек.
ШҚО-да Рахман қайнарына апаратын жол жөнделіп жатыр
фото: www.istockphoto.com
201
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахман қайнары» автомобиль жолында орташа жөндеу жұмысы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмысы автожолдың 0-45 шақырым аралығында жүргізіліп жатыр.

– Жоба аясында 9,5 шақырымда ірі түйіршікті асфальтбетоннан тегістеу қабаты, 5 шақырымда майда түйіршікті асфальтбетоннан жоғары жабын қабаты төселді, – делінген хабарламада.

Аталған автожол өңірдегі танымал туристік бағыттардың бірі – Рахман қайнарларына және оған жақын орналасқан табиғи нысандарға апаратын маңызды көлік дәлізі саналады. Жол инфрақұрылымын жаңғырту туристер үшін қолайлы жағдай жасауға, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және өңірдің туристік әлеуетін дамытуға ықпал етеді.