Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері мобильді топтар Жамбыл облысынан еліміздің басқа өңірлеріне есірткіні заңсыз тасымалдаудың сегіз арнасының жолын кескен.
Жамбыл облысында көлігіне марихуана жасырған күдікті ұсталды
фото: www.istockphoto.com
222
оқылды

Жамбыл облысында Шу алқабынан есірткіні заңсыз әкетудің жолын кесуге бағытталған шаралар жалғасып жатыр. Осындай деректердің бірі "Шу – Қайнар" автожолында анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты  Policia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қарасора-2026» және «Канал – Янтарный берег» республикалық жедел алдын алу  шаралары барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "ВАЗ-21213" көлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде полицейлер көлік ішіндегі қаптан 8 келі 500 грамм марихуана тапқан. Көлікті Шу ауданының тұрғыны басқарған. 

Аталған дерек бойынша есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, жыл басынан бері елімізде ішкі істер органдары 1 885 есірткі қылмысының жолын кесті. Сондай-ақ есірткі айналымына қарсы күрес шаралары аясында 6 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.