Отандасымыз 500 метр қашықтықта ел намысын қорғап жатыр.
Денис Никиша 2026 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына шықты
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
194
оқылды

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының өкілі Денис Никиша Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Отандасымыз 500 метр қашықтықта ел намысын қорғап жатыр. ҚР ҰОК мәліметінше, ширек финалда Никиша мәреге үшінші болып жетті. Дегенмен уақыт көрсеткіші бойынша жартылай финалға өтті.

Еске салайық, жартылай финалға өз тобында 1-2 орын алған спортшылар, сондай-ақ, үшінші орын иеленгендер арасынан ең үздік уақыт көрсеткішін тіркеген екі шорт-трекші өтеді.

Абзал Әжіғалиев Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады. Ол өз жарысында бесінші болып мәреге жетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.