Қоғамды алаңдатқан оқиғаға байланысты арнайы зерттеу жүргізген Руслан Өтепбай марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиевтен сұхбат алған.
Атыраудағы жоғалған отбасы: марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі тың дерек айтты
134
оқылды

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қоғамды алаңдатқан оқиғаға байланысты арнайы зерттеу жүргізген Руслан Өтепбай марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиевтен сұхбат алған.

Оның айтуынша, 2025 жылдың қыс мезгілінде Наурыз көбіне Атырау қаласында болған. Ол денсаулығы сыр берген қарындасы Ақбаянға көмектесіп жүрген. Жүктілік кезінде сырқаттанып, ауруханаға түскен Ақбаян біраз уақыт жансақтау бөлімінде жатқан. Дертінің асқынуы салдарынан жағдайы ауырлап, қатты әлсіреген.

«Наурыз сол кезде жұмысқа да шықпай, қарындасының қасында болды. Ақбаянға барынша қолдау көрсетті. Ал күйеуі Сұлтан жұмыс істеп жүрді», – деді Шалқар Мұқанғалиев.