Ол түскі уақытта жатын бөлмедегі сейфті ашып, ішінен 3 миллион теңгеге жуық ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған.
Түркістан облысында немересі әжесінің алтынын ұрлап, үйін тонап кеткен
203
оқылды

Сауран ауданында полиция пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға жәбірленушінің немересі үйде жоқ сәтте болған. Ол түскі уақытта жатын бөлмедегі сейфті ашып, ішінен 3 миллион теңгеге жуық ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған. Жалпы шығын шамамен 7 миллион теңгені құрайды.

Күдікті ұрланған бұйымдарды алтын сататын дүкендердің біріне өткізген. Тергеушілер барлық заңды шараны қолдана отырып, істі дәлелдеп, сотқа жолдады.