Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.
Мемлекет басшысы Литва президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
92
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Гитанас Науседаны Литваның ұлттық мейрамы – Мемлекеттілікті қалпына келтіру күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Президент екіжақты қарым-қатынас деңгейіне жоғары баға беріп, қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаның мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Литва халқына құт-береке тіледі.