Турнир еліміздің 19 аймағынан 600-ге жуық мықты спортшының басын қосып, маусымның ең ауқымды және бәсекеге қабілетті бастауларының біріне айналды.
Ұландықтар самбодан Қазақстан Республикасының чемпионатында 10 медаль жеңіп алды
Фото: gov.kz
126
оқылды

 

Қарағанды облысында ересектер арасында самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қатысушылар техникалық дайындықтың жоғары деңгейін, асқақ рух пен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Кілемдегі жекпе-жектер қызу және әсерлі күрестермен ерекшеленді. Бұл дода елдің түкпір-түкпірінен жиналған мамандар мен жанкүйерлердің назарын аударды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің спорттық және жауынгерлік самбодағы жарқын жеңістері, өздерін сенімді түрде мәлімдеуі – назар аударуға әбден лайық.

 Әскери қызметшілердің спорттық самбодағы нәтижелері:

58 келіге дейін – III орын: қатардағы Санжар Әли (6655 ә/б)

64 келіге дейін – III орын: қатардағы Нұрсұлтан Нұрсейітов (7552 ә/б)

71 келіге дейін — III орын: қатардағы Махамбет Қонысбай (3660 ә/б)

79 келіге дейін – III орын: қатардағы Тілек Тоқтасынұлы (6636 ә/б)

88 келіге дейін – III орын: қатардағы Азат Қуатов (6655 ә/б)

98 келіге дейін – II орын: ефрейтор Еламан Қойшыбаев (6636 ә/б)

98 келіден жоғары — I орын: қатардағы Болат Сапар (6636 ә/б)

 Жауынгерлік самбо нәтижелері:

53 келіге дейін – III орын: ефрейтор Жастілек Ахметбеков (6697 ә/б)

58 келіге дейін – I орын: қатардағы Арман Тұрымбетов (6655 ә/б)

64 келіге дейін – III орын: ефрейтор Манабек Әсембай (5518 ә/б)

Жарыс қорытындысы бойынша, әскери қызметшілер жалпы 10 медаль жеңіп алды: 2 алтын, 1 күміс, 7 қола.

Чемпионатта сәтті өнер көрсету құқықтық тәртіп әскері жауынгерлерінің дене шынықтыру және кәсіби даярлығының жоғары деңгейін, сондай-ақ олардың республикалық спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін растады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.