«Қазақ эстрадасының примадоннасы» атанып кеткен алтын дауыс иесі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне елу жыл толды.
«Үйге кірсем, темір төсекте жаңа ту­­ған үш сәби жатыр»: Роза Рымбаева өміріндегі таңғажайып оқиғасын айтты
472
оқылды

Қазақстан эстрада өнерінің жұлдызы басынан өткен қызықтарын Aiqyn тілшісіне айтып берді

Осыдан көп жыл бұрын КТК ар­насынан бір қарапайым қа­­зақ әйелінің сұхбатын көрдім. Ол үшемді дүниеге әкеліп, алайда еш­­кімнен көмек көрмегенін ай­тып, көзіне жас алып отырды. Сұх­­баттан кейін әлгі әйелдің ме­кен­жайын жазып алдым. Кейін­нен қолымдағы бар қаражатты жи­нап, өз аяғыммен сол әйелді ауы­­лына іздеп бардым. Өзі қара­пайым ғана жер үйде тұрады екен. Үйге кірсем, темір төсекте жаңа ту­­ған үш сәби жатыр. Олардың есі­мі Әли, Мәди және Мәдина екен. Содан кейін көмегімді бер­дім де, ештеңе күтпестен кері қайт­тым. Осы оқиғадан соң арада біршама жыл зулап өтті. Бір күні мен туралы арнайы бағдар­ла­ма­ның түсірілімі өтті. Сол бағ­дар­ла­ма­ға үш жасөспірім мен қасында анасы келіп тұр екен. Әйел маған қа­рап: «Сіз кезінде бізге көмек қо­лын созып едіңіз, міне, сол бө­пе­­лер қазір өсті», – деп балаларын көр­­сетті. Мен сол сәтте құлап қа­ла жаздадым. Анасы осыдан бір­неше жыл бұрын берген қара­жат­қа теледидар алғандарын айт­ты. Расында, балалар өсіп, азамат бо­лып қалыпты, - деді әнші

Сұхбатты толық мына сілтемеден оқи аласыз