Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.
Ғылым туралы заң жобасы қаралады
149
оқылды

Мәжіліске бірінші оқылымда депутат­тар бастамашы болған ғылым мәселелері жөніндегі заң жобасын қарау ұсынылады. Бұл құжатта ғалымдар мен ғылыми қызмет­кер­лердің мәртебесін айқындау, олардың академиялық еркіндігі мен шығармашылық еркіндігін, құқықтарының кепілдіктерін бекіту, сондай-ақ ғылыми қызмет бағыт­тарын өз бетінше жоспарлау және таңдау құқығы қамтылып отыр.

Сонымен қатар профессорлық-оқыту­шылық құрамға шамадан тыс аудиториялық жүктемені шектеу енгізілуде. Ғылыми зерттеу жүргізу мерзімдерін бекіту, оларды қаржыландыру тәртібі, сондай-ақ оқушы­ларға олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына дайындалу үшін ғылыми инфрақұрылымды пайдалану құқығын беру жөніндегі нормалар ұсынылады.

Бұдан бөлек, заң жобасында компо­зиттік қызметті енгізу есебінен дәрілік заттарды тіркеудің жеңілдетілген және жеделдетілген тәртібін енгізу, референс-зертханаларды реттеу тәртібін айқындау және өзге де нормалар көзделеді.

Сондай-ақ жалпы отырыста депутаттар 2025 жылғы 28 ақпанда Астанада қол қо­йыл­ған Қазақстан мен Аустрия Үкіметтері арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы келісімді қарайды. Құжат екі елдің осы саладағы ынтымақтастығына құқықтық негіз қалып­тастырады.

Бұдан бөлек, депутаттар әскери қыз­мет­шілердің құқықтық жағдайын, қорға­ныс және әскери қызметті, педагог мәрте­бесі мен білім беруді жетілдіру, сондай-ақ педагог мәртебесі бөлігінде әкімшілік құ­қық бұзушылық туралы кодекске өзгері­с­тер енгізу мәселелері туралы жаңа заң жо­баларын жұмысқа алады.