Жеке тұрғын үйдегі өрт туралы хабар Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне 12 ақпан күні таңертең түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйдің толықтай жалынға оранғанын анықтаған.
«Өртті сөндіру барысында үй иесі – 68 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге 10 қызметкер мен екі техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.