Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығының жалпы контекстінде парламенттік дипломатияны жандандырудың маңыздылығын аталды
Норвегия парламентінде Қазақстанның Конституциялық реформасы таныстырылды
баспасөз орталығынан алынды
114
оқылды

Кеше Қазақстанның Норвегиядағы елшісі Әділ Тұрсынов Норвегияның Стортинг (Парламент) депутаттары, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясындағы (ЕКПА) норвегиялық делегацияның басшылығы Лизе Селнес, Мортен Колбьёрнсен және Йоне Бликрамен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Елші заң шығарушыларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысы, жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтетін референдум, сондай-ақ Астана мен Осло арасындағы қатынастардың жай-күйі мен келешегі туралы хабардар етті.

Сұхбаттастар екіжақты деңгейде де, көпжақты институттар шеңберінде де Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығының жалпы контекстінде парламенттік дипломатияны жандандырудың маңыздылығын атап өтті.