Қазгидромет 13 ақпанда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15 м/с.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман түседі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қар, кей уақыттарда қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түркістанда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі.
Шымкентте кей уақыттарда жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), көктайғақ, тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, Аягөз ауданында екпіні 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Қызылордада кей уақытта тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауады. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.
Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы аудандарында қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Қонаевта түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады.
Алматыда кей уақытта көктайғақ, тұман болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.