Алматыда екі шетелдік стример – Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаев қазақ қыздарына қатысты қорлайтын сөздер айтқаннан кейін ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжілісте өткен брифингте хабарлағандай, әкімшілік қамаумен қатар ІІМ Қылмыстық кодекстің 174-бабы – «ұлтаралық араздықты қоздыру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Егер блогерлердің кінәсі дәлелденсе, оларға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.