Синоптиктердің болжамы бойынша, бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ, тұман болады.
Қар жауып, жаяу бұрқасын соғады: 12 ақпанға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
220
оқылды

Қазгидромет  12 ақпанда ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ, тұман болады.

Жетісу облысының шығысы мен таулы аймақтарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Талдықорғанда тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады.

Ұлытау облысының солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ таулы аумақтарында көктайғақ пен тұман болады. Облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с. Алматы мен Қонаевта да көктайғақ болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні кей жерлерде 25 м/с-қа дейін күшейеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының бірқатар аумағында тұман түседі. Түнде жел екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын жүреді. Өскеменде түнгі ауа температурасы -15…-17°C дейін төмендейді.

Абай облысының оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді. Семейде түнде ауа температурасы -19…-21°C аяз болады.

Жамбыл облысында  қалың қар түсіп, көктайғақ болады. Таразда жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады.

Түркістан облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да қар жауады, көктайғақ болады.

Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында тұман түседі. Қызылорда облысының шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысында тұман мен көктайғақ болады, Ақтауда түнде және таңертең жолдар көктайғақ болатыны болжанып отыр.

Павлодар облысында түнде жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көкшетауда түнгі желдің екпіні 15 м/с жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.