Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жолаушыларды дәрігерлер тексеріп жатыр.
Ақтөбе облысында жол апаты болып, 10 көлік соқтығысып қалды
589
оқылды

Оқиға Ақтөбе облысының Ақкемер ауылы маңында болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жолаушыларды дәрігерлер тексеріп жатыр.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе қаласы бағытында қозғалып келе жатқан жүргізушілердің біреуі жүк көлігін дер кезінде байқамай қалған. Соның салдарынан бірнеше көлік бірінен соң бірі соқтығысып, жаппай жол-көлік оқиғасы орын алған. Жалпы саны 10 көлік апатқа ұшырап, жол уақытша жабылды.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және арақашықтықты дұрыс ұстауға шақырады, – деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ауруханаға жеткізілген азаматтардың барлығы дәрігерлік тексеруден өтті. Олардың жарақаты жеңіл, жағдайы қанағаттанарлық.

Қазіргі таңда ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе–Қарабұтақ, Ақтөбе–Атырау және Ақтөбе–Әлімбет бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдар уақытша жабық.