Aiqyn тілшісі өнер иесімен сұхбаттасып қайтты
«Мен орыс тілін­де өте сирек сөйлеймін»: Роза Рымбаева қазақ тілі жайлы ойын айтты
instagram.com/aliokapov
283
оқылды

«Қазақ эстрадасының примадоннасы» атанып кеткен алтын дауыс иесі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне елу жыл толды. Осыған орай, Aiqyn тілшісі өнер иесімен сұхбаттасып қайтты.

Aiqyn тілшісі: Кейде сізді орыс тілінде сөй­лей­ді деп сынға алатындар бар. Бірақ балаларыңызға қазақша бі­лім бердіңіз. Бұл пікірлерге көз­қара­сыңыз қандай?

Біріншіден, мен орыс тілін­де өте сирек сөйлеймін. Екін­ші­ден, кейбір бағдарламаларда, рес­ми кездесулерде немесе орыс­тіл­ді журналистермен сұхбаттас­қан уақытта орыс тілінде сөйлеуге тура келеді. Ал қазақ журна­лис­те­рі­мен әрдайым ана тілімде сөй­ле­се­мін.  Мен екі тілде де білім алған адам­мын, қазақша да, орысша да еркін сөйлеймін. Бүгінгі заманда бір емес, бірнеше тіл білу – ар­тық­­шылық. Тіпті болашақта ағыл­­­шын, қытай тілдерін мең­геруі­міз маңызды деп санаймын. Ал ба­лаларымның тәрбиесіне кел­сек, олар туғаннан қазақша тәр­бие­ленді. Балабақшасы да, мек­тебі де қазақ тілінде болды. Бү­гінде бала­ларым үш тілді де мең­герген. Не­мерем де қазір қа­зақ балабақ­ша­сы­на барып жүр. Біз­дің отба­сы­мыз­да қазақ тілі – не­гізгі тәрбие тілі. Сондықтан бұл тұр­ғыда менің ұстанымым анық әрі айқын,  - деді әнші

Сұхбаттың толық мәтінінің мына сілтемеден оқи аласыз