Қазіргі уақытта 1/16 финалдың бірнеше жұбы да белгілі болды
Әлем чемпионаты: 1/16 финалға шыққан 24 құраманың есімі белгілі болды
264
оқылды

Футболдан әлем чемпионатында 1/16 финалға жолдама алған 32 құраманың 24-і анықталды. Плей-офф кезеңіне Мексика, АҚШ, Германия, Аргентина, Франция, Норвегия, Колумбия, Швейцария, Канада, Бразилия, Марокко, Оңтүстік Африка Республикасы, Босния және Герцеговина, Австралия, Парагвай, Кот-д'Ивуар, Эквадор, Жапония, Нидерланд, Швеция, Испания, Кабо-Верде, Бельгия және Мысыр құрамалары жолдама алды.

Қазіргі уақытта 1/16 финалдың бірнеше жұбы да белгілі болды. Олар:
Оңтүстік Африка Республикасы – Канада,
Бразилия – Жапония,
Германия – Парагвай,
Нидерланд – Марокко,
Кот-д'Ивуар – Норвегия,
Франция – Швеция,
АҚШ – Босния және Герцеговина,
Австралия – Мысыр,
Аргентина – Кабо-Верде.

Қалған сегіз жолдаманың иелері топтық кезеңнің соңғы матчтарынан кейін анықталады. Осыдан кейін 1/16 финалдың барлық жұбы толық белгілі болады.