Зеленский Біріккен Араб Әмірліктері мен Абу-Дабиге делдалдық пен келіссөз алаңын ұсынғаны үшін алғыс айтты
Абу-Дабидегі келіссөздер аяқталды: Зеленский алғашқы нәтижелерді айтты
740
оқылды

Абу-Дабиде Украина, Ресей және АҚШ өкілдері қатысқан келіссөздер мәресіне жетті. Украина президенті Владимир Зеленский кездесулердің негізгі тақырыбы соғысты тоқтатудың жолдары болғанын айтты.

Оның сөзінше, екі күнге созылған диалогта көптеген мәселе талқыланып, әңгіме конструктивті арнада өткен. Келіссөздерге үш елдің әскери өкілдері де қатысқан.

Нәтижесінде тараптар әр бағыт бойынша өз елдеріне баяндама жасап, алдағы қадамдарды мемлекет басшыларымен ақылдасып шешуге келіскен. Украина келіссөздерді жалғастыруға дайын, келесі кездесу алдағы аптада өтуі мүмкін.

Зеленский келіссөздерге алаң ұсынып, делдалдық жасаған Біріккен Араб Әмірліктері басшылығына ризашылығын білдірді.