«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы биыл cайлауалды бағдарламаның өңірдегі міндеттерін жүйелі түр­де орындап, нақты нәтижелерге қол жеткізді.
Басты құндылық – қоғам сенімі
142
оқылды

Басты назар – сайлау алдында берген уәделерімізді орындауға, азамат­тардың өмір сүру сапасын жақсартуға, тұрғындардың табы­сын арттыруға, аймақтың әлеуметтік-экономикалық тұрақ­тылығын сақтауға, тұрғындардың құқықтарын қорғауға және қоғамдық сенімді күшейтуге арналды. Түркістан облы­сында жыл басынан бері партия қатарына 3 220 адам қабыл­данып, партия мүшелерінің саны 84 879 адамды құрады. Жыл­дық жоспар 185 пайызға артығымен орындалып, пар­тияластарымыздың қатары едәуір кеңейді. Жаңа мүшелердің қа­былдануы партияның сапалық құрамын нығайтып, қо­ғаммен жұмыс жүргізу әлеуетін күшейтті. Әртүрлі сала ма­ман­дарының, белсенді азаматтардың қосылуы партия жұ­мы­сының практикалық тиімділігін арттыра түсті. 

Партияның cайлауалды бағдарламасын Түркі­с­тан облысында іске асыру жө­нін­дегі Жол картасында 136 ин­ди­катор, 568 іс-шара жос­­­­парланса, соңғы үш жылға жуық мерзім ішінде ке­­­шенді жоспардың орындалуы 55 пайызға жетті, партия ба­қы­лауында тұрған 313 іс-шара то­лы­ғы­мен орындалды. Соның ішінде 2025 жылға жоспарланған 121 іс-шараның 77-сі немесе 63,6 пайы­зы орын­да­лып, қалған­дары­ның іске асы­рылуы тұрақты ба­қы­лауы­мызға алынды. Облыс ау­мағын­дағы 28 нысанда пар­тия­лық бақылау бекеттері жұмыс іс­­теуде. Оның 7 нысаны Жол кар­­тасы аясын­да болса, 21-і – бюд­жет есебінен са­лынып жатқан ны­сандар.  Жол картасындағы тәуе­келі бар ны­сан­дардың құры­лысына қатысты мә­селелер облыс басшылығымен бірлесе қарастырылып келеді және олардың орындалуы қатаң бақылауға алынған. Мәселен, осы санаттағы «Созақ-Тасты-Қылти» автожолы мен Мақтаарал ауданындағы 4 мектептің құры­лы­сына қатысты мәселелер ше­ші­мін тауып, пайдалануға беріл­се, Бәйдібек ауданы Шаян ауы­­лындағы 300 орындық мек­теп­тің құрылысы аяқталып, осы ай­да іске қосылмақ. Түркістан қа­ла­сындағы Ана мен бала ор­та­лығының құрылысы Бі­ріккен Араб Әмірліктерінің инвести­ция­сы есебінен қарқын алды.

Партия бекіткен жоспарда аг­роөнеркәсіптік кешенге ылғал үнем­деу технологиясын енгізуді 50 мың гектарға жеткізу көзделсе, есепті мерзімде бұл көрсеткіш 59 мың гектарды құрап, 118 пайызға ар­тығымен орындалды. Бұл ба­ғыт­та Арыс қаласы мен Отырар ау­даны аумағында 32 мың гек­тар­ға жаңа технологиялармен мақта егі­ліп, ылғал үнемдеу техно­ло­гия­сы қолданылды. Нәтижесінде, ор­таша өнімділік облыстың ор­та­ша өнімділігінен екі есе артып, гек­тарына 45 центнерден өнім жи­налды. Алдағы уақытта егіс ал­­қабы 60 мың гектарға жететін бо­лады. Алынған мақта өнімін өң­деуде Түркістандағы «Tұран» арнайы экономикалық айма­ғын­да мақтаны терең өңдеу және дайын өнімді экспорттауға арнал­ған көпсалалы кешеннің құры­лы­сы басталды. Жоба құны 146,8 млрд теңгені құрап, толық циклді мақта өңдеу, тоқыма, иіру, мата өн­діру, бояу, өңдеу бойынша 4 зауыт салынады. 

Депутаттық корпуспен өзара іс-қимыл да айтарлықтай күшей­ді. Облыстық, аудандық, қалалық мәс­лихаттардағы фракция депу­таттары өңірдегі өзекті мәсе­ле­лерді тұрақты көтеріп, олардың ше­шіміне тікелей ықпал етіп ке­леді. Жыл басынан бері депу­тат­тық фракциялардың 60 оты­рысы өтіп, 140 мәселе қаралды. Де­путаттар сайлауалды бағдар­ламаның орындалуы мен қысқы жылу маусымына дайындық се­кілді өзекті мәселелерді қарас­ты­рып, облыс әкімі орынба­сары­ның, салалық басқармалар мен ау­дан, қала әкімдерінің, ком­му­налдық сала басшыларының есе­бін тыңдады. Депутаттық кор­пус алдында Түркістан облы­сының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, Құрылыс, Денсаулық сақтау, Білім, Жолаушылар көлігі және ав­томобиль жолдары бас­қар­ма­ла­рының басшылары, Арыс, Түр­­­­кістан, Кентау қалалары мен  Мақ­таарал, Қазығұрт, Келес, Ор­да­басы, Созақ аудандарының әкім­дері, QazaqGaz Aimaq, «Ин­тер Газ Орталық Азия», «Қаз­Авто­Жол» акционерлік қоғам­дары­ның, Кентау қаласындағы №5 жылу энерго орталығының бас­шылықтары, Түркістан, Түл­кі­бас, Сайрам, Төлеби, Келес ау­дан­дық фракция жетекшілері есеп берді, өзекті мәселелерді бір­лесе қарастырып, ортақ ше­шім­дер қабылданды.  

Облыстық саяси кеңес бюро­сын­да Түркістан облыстық Спорт жә­не дене шынықтыру, Кәсіп­кер­лік және өнеркәсіп, Құрылыс, Эко­номика және бюджеттік жос­парлау, Ауыл шаруашылығы  бас­қармаларының, 2 облыстық мәс­лихат депутатының, 8 аудандық мәслихат төрағаларының, 5 ау­дан­дық фракция жетекшілерінің, 3 аудандық мәслихат депута­ты­ның есебі тыңдалып, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудағы белсенді қызметі, де­путаттық этиканы сақтау мәсе­ле­лері талқыланып, нақты ұсыным­дар берілді. 

Облыстық партия филиалы жанындағы кеңестер өңірлік проб­лемалар талқыланатын, олар бойынша нақты шешімдер қабылданатын алаңға айналды. Осы мақсатта қызмет атқаратын 10 кеңестің 96 отырысы өтіп, 216 мәселе қаралды, жергілікті ат­қару­шы органдарға 641 ұсыныс жо­л­данса, оның 428-і немесе беріл­ген барлық ұсыныстың 66,8 пайы­зы орындалды. Отырыстар, көш­пелі форматта аудан, қала­лар­да өткізіліп, сайлауалды бағ­дар­ламаның орындалуы, аумақ­тар­да су тасқындарын болдырмау, қо­ғам­ның алаңдаушылығын ту­ғыз­ған лейшманиоз, аутизм дерт­те­рінің  алдын алу, ана мен бала­ны қолдау, жолдардың қауіпсіз болуын қамту, Сайрам ауданы Қара­бұлақ ауылындағы қатты тұр­мыстық қалдықтар полиго­ны­ның мәселе­сін шешу сынды өзек­ті мә­селелер қарастырылды. Ке­ше ға­на кәсіп­керлік мәселелер жө­ніндегі өңірлік үйлестіру кеңе­сі­нің алғашқы жұ­мыс жиыны өтіп, ал­дағы жұмыс бағыттары бел­гіленді. 

Облыстық партия филиалы­ның әйелдер қанатымен жергілік­ті телеарнада «Әйел аманаты» бағ­­дарламасы ашылып, негізгі 10 бағыт бойынша тақырыптық сұх­баттар, сюжеттер шығару қол­ға алынды. Өңірімізде әйел көш­бас­шыларының мектебін ашу жү­мыс­тары басталды. Партияға де­ген сенім ең алдымен қоғамдық қа­былдаулардың жұмысы арқылы бағаланатыны белгілі. Пар­тия­ның Түркістан облыстық филиа­лы биылғы 11 айдың өзінде 14 398 арыз-өтінішті тіркеп, халық пен билік арасындағы ең тиімді кері байланыс арнасын түзді.  

Партиялық жобалар өз тиім­ділігін айқын көр­сет­ті. «Қарызсыз қоғам» бойынша 8 мыңнан астам адам оқу курс­та­рынан өтті. Жалпыреспубликалық «FinIQ 2025» қаржылық қауіпсіз­дік диктанты аясында 486 мың адам тестілеуден өтіп, респуб­ли­када алдыңғы қатардан көріндік. «Жер аманаты» бойынша қайта­рылуы тиіс жер көлемінің жос­пары 41 мың гектар болса, нақты 129,9 мың гектар жер қайтары­лып, жоспар 315 пайызға артығы­мен орындалды. «Ауыл аманаты» бойынша биыл республикалық бюджеттен 7,4 млрд теңге бөлініп, оның 880 млн теңгесіне 104 жоба және қайтарым қаражат есебінен 4,6 млрд теңгеге 579 жоба қаржы­лан­дырылды.  Атап өтуіміз керек, 2024 жылы осы бағдарлама ая­сын­да 2,1 млрд теңгеге 282 жоба қар­жыландырылса, 2025 жылдың 11 айында 2,5 млрд теңгеге 297 жо­ба қолдау тапты. «Кедергісіз ке­лешек» жобасы аясында Сау­ран ауданында 50 орындық ерек­ше балаларға арналған оңалту ор­талығы ашылды. «Тең мүм­кін­дік­тер» спорттық фестивалінің об­лыстық деңгейіне 30 команда, 90 бала қатысты. Жеңімпаз ко­ман­далар республикалық фести­валь­ға қатысып, спорттың жеңіл ат­летика түрінен жүлделі ІІ орын­ды иеленді. «Ұлттық мұра» жо­ба­сы аясында Түркістан, Кентау қа­лаларында, Келес, Сауран, Са­­­­­рыағаш, Отырар аудандарында жеті ақындар айтысы өтсе, «Ұлы да­ла» әдеби-шығармашылық бай­­қауы жас қаламгерлердің ба­сын қосты. «Цифрлы қоғам» жо­басы аясындағы Daryn.ai ұстаз­дарды оқыту платформасына об­­лы­сымыз бойынша 43 мыңға жуық ұстаз тіркеліп, оның 15 мың­ға жуығы оқу курсын толық аяқ­тады.  

Облыстық партия филиалы­ның «Жастар Рухы» жастар қана­ты­ның да белсенділігі айтарлық­тай күшейді. Жастардың өңірлік жобаларға қатысуы артты, олар­дың ұсыныстары партия жұмы­сы­ның маңызды бөлігіне айнал­ды. Партия жастарының ұйым­­дас­тыруымен үстел тенни­сінен об­лыстық турнир, AMANAT AQYLMAN интеллектуалды ойындары, бастауыш партия ұйымдарының арасында AMANAT CUP кіші футболдан жарыс, «Жастарға жұ­мыс» жобасы аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйым­дастырылды. Оған қоса, «Чем­пиондық рух» жобасы ая­сын­да әлем чемпиондарының қа­тысуымен жастарға арналған таң­ғы жаттығулар мен шеберлік са­ғаттары өткізілді. Бүгін дәл осы маз­мұндағы іс-шара Түлкібас ауданында өткізіліп, оған бокстан әлем чемпиондары ағайынды Мах­мұт және Төрехан Сабырхан қа­тысты. Қазір «Жастар Рухы» жастар қанаты Qazaqstan брендін жаңа форматта, көпшіліктің қа­тысуымен ілгерілету жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда. Тәуел­сіздік күніне орай 12 жел­тоқ­санда Төлеби ауданында рес­публика көлемінде алғаш рет пар­тияластар арасында қазақ кү­ресінен AMANAT BARYSY тур­нирі өтті. Партия қызметі жө­нінде ақпараттық белсенділік кү­шейтіліп, партияның сенім ман­датын алған депутаттық кор­пуспен брифингтер өткізу үрдісі жолға қойылды. Партия жұмысы туралы жедел әрі ашық ақпарат беру, қоғаммен тұрақты комму­ни­кация орнатуға басымдық беріл­ді.

Алдағы жұмыс бағыттары ре­тінде «Ауыл аманаты» жобасын тиім­ді жалғастыру, Жол картасы тар­мақтарының орындалуына ба­қылауды күшейту, аумақтық пар­тия филиалдарының мате­риал­дық-техникалық базасын нығайту міндеттері белгіленді. Сайланбалы лауазымдарға пар­тия атынан ұсынылатын канди­даттар бойынша гендерлік теңдік қағидатын ұстану, облыстағы әлеу­­меттік тәуекелі орта деңгей­де­гі отбасылардың санын азайту бойын­ша пәрменді шаралар қа­был­дау ұсынылды. Өңірдегі ин­дус­триалды аймақтар мен өнді­ріс­тік парктерде өңдеу өнер­кәсі­біне басымдық беру, шағын коопера­тив­терді біріктіріп, өндіріс көле­мін ұлғайту, «Әкімдер мектебі» жо­басының тиімді іске асы­рылуын үйлестіру жүктелді. Түр­кі­стан облысы еліміздегі ең халқы көп өңір екені ескеріліп, партия қыз­меті, оның бастамалары тура­лы ақпараттық жұмысты күшейту тапсырылды, жастармен бағдар­ланған жұмыстар атқаруға ба­сым­дық берілді. Партияның қо­ғам­дық белсенділігін арттыру, пар­тиялық бақылауды күшейту ба­ғыттарында бірқатар тапсырма берілді. Бұл жұмыстар облыстық пар­тия филиалының алдағы жұ­мыс бағыттары болып түзіледі.

Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ,

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық

филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы

фракция жетекшісі