Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағытындағы кешенді шаралар жалғасуда.
Балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін отандық мультфильм жарыққа шығады
Фото: iStock
120
оқылды

Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Ұлттық банк бірлесіп, балаларға ақша басқарудың негізгі дағдыларын үйрететін анимациялық фильм дайындады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

«Қаржы әлемі» – орман қалашығында өмір сүретін мектеп оқушылары туралы 12 бөлімнен тұратын мультсериал. Әр серияда Барыс, Арқар, Құлан, Сілеусін, Тиін, Сұртышқан, Кірпі сияқты кейіпкерлердің күнделікті өмірде кездесетін қаржылық жағдаяттары көрсетіледі. Ақшаны дұрыс жұмсау, жинау, жоспарлау, еңбек ету қарапайым тілде түсіндіріледі. Сонымен қатар, алаяқтардан және қаржылық пирамидалардан сақтану дағдылары кейіпкерлердің тәжірибесі арқылы берілген.   

Мультсериал қазақ, орыс тілдерінде әзірленді. Сценарийін қаржы және білім беру саласындағы сарапшылар бірлесіп жазды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.