Бұған дейін әнші бұрынғы күйеуі үйін тартып алайын деп жатқанын айтып, көмек сұраған еді.
«Ең жақын адамым қас жауым болып шықты...»: Индира Елемес баспанасын бұрынғы күйеуінен қайтарып алды
1,254
оқылды

Әнші Индира Елемес әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Бұған дейін әнші бұрынғы күйеуі үйін тартып алайын деп жатқанын айтып, көмек сұраған еді. Ол әділдік орнап, баспанасын қайтарғанын жеткізді.

«Мен сені қорқынышты түсімдей ұмыттым. Сен маған барлық қолыңнан келген зияныңды тигіздің, бірақ мақсатыңа жетпедің! Біздің отбасымыз бірнеше ай бойы үйімізді заңсыз тартып алмақ болған адамдардың қысымына тап болды. Алайда әділдік жеңіп, барлық мәселе толықтай өз шешімін тапты. Осы күрделі кезеңде біздің құқығымызды қорғап, барлық заңдық рәсімді дұрыс жүргізіп, әділ шешім шығуына ықпал еткен Рамазан Бұлбұл мырзаға ерекше алғыс білдіреміз. Құжаттарды реттеу, заңды процестерді бақылау, жағдайды ашық әрі кәсіби түрде басқару – бәрі жоғары деңгейде орындалды. Соның нәтижесінде біз өз үйімізді ресми түрде, заңды негізде иемдендік. Жанашырлық танытып, әділдік үшін аяғына дейін бірге болғаны үшін Рамазан Бұлбұл мырзаға шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Соңғы сөзім – ең жақын адамым қас жауым болып шықты», - деді әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Indira Elemes (@indiraelemes)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.