Шымкент қаласында экологияны жақсарту мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында жүргізіліп жатқан Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы жаңа серпінмен жүзеге асуда.
Шымкент жасыл аймаққа айналады
391
оқылды

Қала басшылығы мегаполистің табиғи келбетін сақтауды, жасыл аймақтарды көбейтуді және тарихи-мәдени нысандарды қалпына келтіруді басты мақсаттардың бірі ретінде қойған болатын. Бүгінде бұл бастаманың игілігі байқала бастады. Қошқар ата – Шымкенттің тарихымен біте қайнасқан, ғасырлар бойы қаланың тіршілік арнасы болып келген ерекше табиғи өзен. Сол себепті оны жаңғырту тек инженерлік жұмыс емес, қала экологиясын жақсартудың, тұрғындар үшін жаңа демалыс аймағын қалыптастырудың және ұлттық мұраны сақтаудың маңызды бөлігі саналады.

Жобаның аясында өзеннің 3,535 шақырымдық ау­ма­ғы кезең-кезеңімен қайта жа­сақ­талуда. Арна толықтай тазар­ты­лып, табиғи су ағымын реттеу жұ­мыстары жүргізілуде. Өзен та­ба­ны қоқыстан арылып, жағалау бе­кітіліп, судың арнасын шайып кету қаупін азайтуға бағытталған ке­шенді шаралар қолға алынған. Бар­лық жұмыстар табиғи ортаға ба­рынша зиян келтірмей, өзеннің та­биғи келбетін сақтай отырып ат­қарылуда.

Абаттандыру тек экологиялық ша­ралармен ғана шектелмейді. Қош­қар ата өзенінің жағалауы за­манауи қалалық кеңістікке ай­налуы үшін жаяу жүргіншілерге ар­налған жолдар салынып, тұр­ғын­дардың қауіпсіз және жайлы жүруіне жағдай жасалуда. Со­ны­мен қатар демалыс аймағы толық­қан­ды инфрақұрылыммен қам­та­ма­сыз етіледі: 139 орындық ор­­нату, 360 энергия үнемдейтін шам қою жос­парланған. Бұл шамдар өзен бойын түн мезгілінде жарық­тан­ды­рып, қаланың эстетикалық кел­бетін жақсартып қана қоймай, қауіпсіздікті де күшейтеді. Қала­лық жайлы ортаны дамыту бас­қармасы басшысының орын­ба­сары Мұрат Әбдірахманов жо­­­­баның бүгінгі нәтижелері жай­лы атап өтті.

«Биыл Жангелдин көшесінен бас­талатын 3,5 шақырымдық ау­мақ­та жағалауды нығайту жұ­мыс­тары жүргізілді. Табиғи тастан жа­салған бекітулер өзеннің та­биғи қалпына зиян келтірмей са­лынды. Сонымен қатар тұрғын­дар үшін жаяу жүргіншілер жолы мен қажетті инфрақұрылым эле­менттері толықтай қарастырыл­ды», – деді ол.

Өзеннің екі жағын байла­ныс­тыратын 8 жаяу жүр­гін­ші көпірінің құрылысы да жо­ба­ның маңызды бөлігі болып отыр. Қазір көпірлердің үшеуі са­лынып бітіп, халықтың игілігіне бе­рілді. Өзен бойына 70 шам ор­натылған, бұл өзен жағалауындағы инфрақұрылымдық өзгерістердің қарқын алып келе жатқанын көр­сетеді. Басқарма мамандарының айтуынша, жобаның тағы бір маңызды мақсаты – жауын-ша­шын маусымында өзен суының кө­терілуіне байланысты туын­дай­тын су тасқыны қаупін азайту. Ар­­­наны реттеу, жағалауды бекіту ар­қылы бұл тәуекел барынша тө­мен­дейді.

Жоба толық аяқталғаннан кейін Қошқар ата өзені шым­кент­тіктер мен қала қонақтары үшін сүйік­ті серуен және демалыс ор­ны­на айналмақ. Сарапшылардың пі­кірінше, жаңғыртылған өзен қа­ланың туристік тартымдылығын арт­тырып, экологияға оң ықпал ете­тін жаңа жасыл белдеу қа­лып­тастырады. Қаланың заманауи кел­беті табиғатпен үйлесімді түр­де жаңаша реңк алады.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы