Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығын атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Санжар Жаркешов жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін АҚШ-қа алғыс білдіріп, Қазақстан мен АҚШ арасындағы энергетикалық диалогты дамытудағы тұрақты серіктестікті атап өтті.
Кездесуде Chevron және ExxonMobil компанияларымен табысты ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Бірлескен жобалар ірі мұнай-газ кен орындарын игеруден бастап, геологиялық барлау, газ инфрақұрылымын кеңейту және өндірістік қуаттарды арттыру сияқты бірқатар бағытты қамтиды.
Сонымен қатар экспорттық-логистикалық мәселелер мен көмір өнеркәсібіндегі ынтымақтастық перспективалары, соның ішінде көмір химиясын дамыту тақырыптары талқыланды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.