Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатовтың жетекшілік етуімен өңірдегі құқықбұзушылықтың алдын алуға қатысты ведомствоаралық комиссияның қорытынды отырысы ұйымдастырылды.
Құқықтық мәселелер қаралды
495
оқылды

Жиында басқа адамның мүлкін жым­қыру, психоактивті заттарды тұтыну және жол-көлік оқиғаларын болдырмауға ба­ғыт­талған шаралар мен олардың жүзеге асу ба­ры­­сы талқыланды. Сондай-ақ алдағы жыл­­ға арналған жұмыс жоспары мақұл­дан­ды. 

Облыстық Полиция департаменті бас­ты­ғының орынбасары Арман Тіленшин өңір­­де өзгенің мүлкін ұрлау әлі де кең та­рал­­ған құқықбұзушылықтың бірі еке­нін атап өтті. Оның айтуынша, 2024-2026 жыл­­дарға арналған ұрлыққа қарсы іс-қи­мыл бағдарламасының нәтижесінде, биыл­ғы он айда аталған қылмыс түрі 23 пайызға тө­­мендеген. Жыл басынан бері 181 мал ұр­­лы­­ғы тіркелген. Бұл былтырғымен са­лыс­­тырғанда 9 пайызға аз көрсеткіш. 

Қанат Болатұлы осы бағыттағы жұ­мыс­ты күшейту үшін әкімдік, мал иелері және та­бын жетекшілері арасында үшжақты ке­­лісімшарттарды енгізудің маңызды­лы­ғын атап өтіп, малды уақытша сақтайтын қо­ра-жайлардың санын арттыру қажет­тігі­не тоқталды.

Психоактивті заттардың әсерінен туын­­дайтын мінез-құлық бұзылыстары мә­­селесі бойынша облыстық Денсаулық сақ­тау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов те баяндама жасады. Оның мә­ліметінше, 2024 жылдың 10 айының қо­рытындысы бойынша, диспансерлік есеп­те 2 993 адам тіркелген. Биыл бұл көр­сет­кіштің өсімі байқалады. Тіркелгендердің 30,2 пайызы каннабиоидтарды, 42,9 пайы­зы аралас есірткілерді, 20,9 пайызы опиоид­тарды, ал 5,9 пайызы синтетикалық сти­муля­торларды қолданған. Соңғы бес жыл­да опиоидқа тәуелділер саны 1,5 есеге азай­ғанымен, аралас есірткі тұтынушылар 14,5 пайызға, синтетикалық стимуля­тор­лар­ды пайдаланушылар тіпті екі есеге кө­бейіп отырғаны алаңдатады. Сонымен қа­тар 2023 жылдан бері жастар арасында ме­дициналық мақсатта қолданылатын азот то­тығын тұтыну үрдісінің белең алуы да ерек­ше қауіп тудырып отыр.

Жиын барысында синтетикалық сти­муляторларға тәуелділік артып келе жат­қа­ны атап өтіліп, оларды дер кезінде анық­­­тауға мүмкіндік беретін арнайы құ­рыл­ғылардың санын арттыру жөнінде ұсы­ныс әзірленіп, оны Денсаулық сақтау ми­нистрлігіне жолдау қажеттігі айтылды. Осын­дай деректер құқық қорғау және ме­ди­циналық органдардың бірлескен жұмы­сының өзектілігін айқын көрсетті.

Комиссия отырысында өңірдегі жол-кө­лік оқиғаларының ахуалы да жан-жақты тал­қыланды. Арман Тіленшиннің мәлі­ме­тін­ше, биыл жол-көлік оқиғаларының жал­пы саны 22 пайызға артқан. Қаза тап­қан­дар 2,7 пайызға көбейсе, жарақат ал­ған­дардың саны 33,5 пайызға өскен. Мұн­дай өсімнің негізгі себептері ретінде ав­то­көлік санының жыл сайын ұлғаюы, жол-көлік оқиғаларын тіркеу тәртібінің өзгеруі, жүр­гізушілердің жол ережелерін жиі және өрес­кел бұзуы, жолдардың сапасы мен тиіс­ті белгілердің жетіспеушілігі атап өтілді.

Талқылау барысында республикалық маңызы бар автожолдардың бойында ха­лық көп жүретін учаскелерде жылдамдық ше­гін төмендету, жүргізуші куәлігін беру та­лаптарын күшейту, сондай-ақ көлік­тер­дің техникалық жарамдылығын тексеру тәр­тібін қатаңдату қажет екені айтылды. Со­нымен қатар қыс мезгіліндегі көктай­ғақ­қа қарсы қолданылатын материалдар­дың алдын ала жеткілікті көлемде дайын­далуы да маңызды екені назарға алынды.

Отырыс барысында облыс әкімі ап­па­ра­тының құқық қорғау органдарымен жұ­мыс бөлімінің басшысы Сағынай Мұ­сағи­тов та баяндама жасап, жыл басынан бері өңірдегі жалпы қылмыс деңгейі был­тырмен салыстырғанда 16,1 пайызға тө­мендегенін жеткізді. Атап айтқанда, аса ауыр қылмыстар 57 пайызға, орта дәре­же­дегі қылмыстар 10,9 пайызға, ал жеңіл қыл­мыс түрлері 16 пайызға азайған. Бұл – құқық қорғау органдарының жүйелі жұ­мы­сының нәтижесі.

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Қазы­бек Дәуітәлиев өз сөзінде қайтала­на­тын қылмыстардың алдын алу үшін про­ба­ция қызметімен қатар, түрмеден босап шық­қан азаматтарды қоғамға бейімдеуге ба­ғытталған әлеуметтік оңалту орталық­та­рын ашу қажеттігін ұсынды. Оның пікі­рін­ше, мұндай орталықтар әлеуметтік қолдау көр­сетіп қана қоймай, қайта құқықбұзу­шы­лыққа жол бермеудің тиімді құралы бол­мақ.

Сонымен қатар жиында Алматы облы­сы­на тән бірқатар құқықтық мәселелер де на­зардан тыс қалған жоқ. Соңғы жылдары өңірде интернет алаяқтығы, әсіресе қаржы пирамидалары мен жалған инвестициялық плат­формалар арқылы жасалатын қыл­мыс­тардың көбейгені атап өтілді. Тұрғын­дардың цифрлық сауаттылығы әртүрлі бол­ғандықтан, алаяқтар заманауи тәсіл­дер­ді пайдаланып, азаматтардың жеке де­рек­тері мен қаражатына қол сұғатын жағ­дайлар жиілеп келеді. Осыған бай­ла­нысты құқық қорғау органдарына ақ­парат­тандыру жұмыстарын күшейту, мектептер мен колледждерде киберқауіпсіздік бойын­ша арнайы сабақтар енгізу, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен бірлесіп түсіндіру науқандарын өткізу ұсынылды. Мамандардың пікірінше, алдын алу ша­ралары күшейтілмесе, мұндай қылмыс­тар­дың саны алдағы уақытта артуы мүмкін.

Жиын қорытындысында Қанат Есбо­латов көтерілген барлық мәселе бойынша нақ­ты тапсырмалар берді. Ол аудан және қа­ла әкімдеріне облыстық құқық қорғау ор­гандары, Денсаулық сақтау басқармасы жә­не Полиция департаментімен бірлесе оты­рып, қылмыстың алдын алу шараларын кү­шейтуді, қауіпсіздік бағытындағы жо­баларды жедел іске асыруды тапсырды. Со­­­нымен бірге, әр сала бойынша бел­гілен­ген көрсеткіштер мен жоспарлардың уа­қы­тылы әрі сапалы орындалуын бақылау қа­жеттігін ерекше атап өтті.

Кербез ЕСІМ