Әнші Сәкен Қалымов бұрынғы отбасында болған жағдай туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі кезінде жастықпен қателік жасағанын жасырмады. Сондықтан әлі күнге дейін отбасымен тіл табысу оңай болмаған.
«Алдарынан өтейін деп, Астанаға іздеп келдім. Жарымды да, баламды да еш кінәламаймын. Қателік менен болды. Серілік құрдық. Ол кезде жеңілтек өмір болды, ортамыз солай болды. Серілік құрған кезең болды, бәріне атүсті қарадық. Әрине, мені құшақ жая қарсы алады деп келмедім. Бірақ, тіл табыса алмадым. Мені қабылдамады. Бұйырған күні бәрі жақсы болады деген үміттемін, – дейді әнші Jibek Joly телеарнасындағы «Bugin Live» бағдарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.