Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Бельгиямен (1:1) өткен әлем чемпионатына іріктеу матчыннан кейін өзінің болашағына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kzсайты Sports.kz-ке сілтеме жасап
Мен — қазақпын. Ал ұлттық құрама — ол ұлттық құрама. Қалғым келеді, бірақ алдымен Фарер аралдарымен ойынды өткізіп алайық, содан кейін басшылықпен бірге шешім қабылдаймыз. Егер менің көмегім керек болса, әрдайым дайынмын, — деді.
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеуді өз тобының төртінші, яғни соңғыдан бір орын жоғары аяқтады. Команда сегіз ұпай жинады. Байсуфиновтың басшылығымен құрама үш матч өткізіп, Лихтенштейнді 4:0 есебімен ірі жеңді, Солтүстік Македониямен 1:1, Белгиямен 1:1 нәтижелері тіркелді.