Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, жедел-іздестіру шаралары барысында оны ұстады.
Ақмола облысында 14 жастағы қызды қатыгездікпен өлтіріп кетті
910
оқылды

Қайғылы оқиға Целиноград ауданына қарасты Ынтымақ ауылында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Белгісіз ер адам 14 жастағы қызға бірнеше рет пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткені хабарланды. Жарақаттың кесірінен қыз бала қайтыс болды.

Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, жедел-іздестіру шаралары барысында оны ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның жасы мен қылмыс себебі әзірге нақты белгісіз.