Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев фильм түсіріп жатқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол фильмнің сценарийі мен саундтрегі дайын екенін жеткізді. Фильм «Алданған жүрек» деп аталады.
«Сценарий жазылып бітті. Қазір тексеріп жатыр. «Алданған жүрек» деген атауды халық өзі қойып берді. Түрлі атау ұсынды, жаныма жақыны осы болды. Киноның локациялары таңдалып, актерларға кастинг жариялаймыз. Бұл фильм отбасы құндылықтарын, дәстүрлі насихаттайды. Сөзі мен әні өміріме жақын. Жанар қарындасымызды еске түсіргіміз келді. Өмірдің өзі өкініштен тұрады. 16 жыл бойы сеніп келесің, жоспар құрасың. Бірақ ол бұзылса, кім ренжімейді, ашуланбайды», - дейді актер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.