Алдымен Ковальчук жұлқа көтеруде екінші орын алды.
Исламиада-2025: зілтемірші Любовь Ковальчук тағы екі күміс медальға ие болды
Фото: Нұрғали Жұмағазы, ҰОК
394
оқылды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Любовь Ковальчук Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының үш дүркін жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстандық спортшы 86 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үш рет күміс медаль иеленді.

ҚР ҰОК мәліметінше, алдымен Ковальчук жұлқа көтеруде екінші орын алды. Кейін ол серпе көтеруде 150 келіні еңсеріп, тағы да күміске қол жеткізді.

Сондай-ақ Любовь қоссайыс қорытындысы бойынша 267 келімен күміс медаль жеңіп алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.