Нәтижесінде, доп 12 миллион теңгеге сатылды.
«Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтің қолы қойылған допты 12 миллионға сатып алды
2,469
оқылды

Алматылық “Қайрат” футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтің қолы қойылған допты аукционға шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Нәтижесінде, доп 12 миллион теңгеге сатылды.

Белгілі болғандай, Темірланның қолтаңбасы бар допты “Асар-Уме” қайырымдылық қоры аукционға қойған.

Допты бір кәсіпкер 12 миллион теңгеге сатып алған. Түскен қаржыға жағдайы төмен бір отбасына баспана сыйға берілді.

Айта кеткен жөн, Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде жарқын өнер көрсетуімен көзге түсті. Ол “Қайраттың” негізгі қақпашысы Александар Заруцкий жарақат алғаннан кейін, оның орнына шықты. “Қайрат” пен “Селтик” арасындағы шешуші ойында Темірлан пенальти сериясында бірнеше рет  допты сәтті қайтарып, алматылық клубтың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына үлкен үлес қосты.

Сонымен қатар ол “Пафос” және атақты “Интер” клубтарына қарсы ойындарда да алматылық клубтың қақпасын сенімді түрде қорғап, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.