15-26 қарашада Жапония астанасы Токиода XXV жазғы Сурдимпиада ойындары өтеді. Төрт жылда бір рет өтетін халықаралық додаға әлемнің 80 елінен 3 000 спортшы қатысады.
Сурдлимпиада жалауы желбірейді
2,695
оқылды

8 қарашада байрақты бәсекеде бақ сынайтын отандастарымызға арналған салтанатты іс-шара өтеді. Айтулы кеште ел намысын қорғайтын спортшыларды Токиоға шығарып салады. Бұл додаға 8 спорт түрінен 79 атлет аттанады. Соның ішінде, жеңіл атлетика, еркін және грек-рим күресі, бадминтон, үстел теннисі, жүзу, дзюдо және таеквондо бар.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ