Елена жекелей сайыста WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.
Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына өтті
2,543
оқылды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Серена Уильямс атындағы топта бірінші орын алып, WTA-2025 қорытынды турнирінің жартылай финалына мерзімінен бұрын шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Америкалық Аманда Анисимова отандасы Мэдисон Кизді 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңгеннен кейін, отандасымыз жартылай финалға өтті.

Топтық кезеңде Рыбакина екі жеңіске жетті: алдымен Анисимованы 6:3, 6:1 есебімен ұтты, ал кейін польшалық Ига Швентекті 3:6, 6:1, 6:0 есебімен тізе бүктірді.

Бұл – қазақ теннисі үшін тарихи жетістік. Елена жекелей сайыста WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.