Астықты кептіру үшін 415 кептіру агрегаты жұмыс істеп тұр, оның 96-сы элеваторларда және 319-ы ауыл шаруашылығы құрылымдарында. 
Қостанай облысында 6,7 миллион тонна бидай жиналды
Фото: istockphoto
1,242
оқылды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Үкімет отырысында өңірдегі егін жинау науқанының қорытындылары туралы баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ол облыс бойынша дәнді дақылдарды жинау аяқталғанын хабарлады. 4,1 млн га алқаптан 6 млн 734 мың тонна бидай жиналған. Орташа түсім гектарынан 16,5 центнерді құраған.

Майлы дақылдардан 839 мың гектар жиналған немесе жалпы алқаптың 96%. Өнімділік  9,6 ц/га.

«Облыста егін жинау науқаны алдағы күндерде аяқталады. Келесі жылдың егіс жұмыстарына қажетті тұқым көлемі 514,2 мың тонна мөлшерінде жиналды»,  деді Құмар Ақсақалов.

Оның айтуынша, облыстағы сақтау қоймаларының жалпы көлемі 8,3 млн тонна, оның 3 млн тоннасы – элеваторлар. Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктемесі ағымдағы кезеңде 49,8%-ды құрайды. Шаруашылықтардағы қоймалардың сыйымдылығы – 5,3 млн тонна.

Астықты кептіру үшін 415 кептіру агрегаты жұмыс істеп тұр, оның 96-сы элеваторларда және 319-ы ауыл шаруашылығы құрылымдарында. 

Өнімді сақтау мен өңдеудің қолда бар қуаты барлық өсірілген егінді сақтауға мүмкіндік береді.