Бұл – оның мансабындағы ең жоғары нәтиже.
Александр Бублик әлемдік рейтингте жоғарылап, жеке рекордын жаңартты
2,115
оқылды

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик кәсіби теннисшілер одағы (ATP) жаңартқан әлемдік рейтингте өз көрсеткішін жақсартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Александр үш сатыға көтеріліп, қазір 13-орында тұр. Бұл – оның мансабындағы ең жоғары нәтиже.

Бұған дейін қазақстандық спортшы алғаш рет Парижде өткен "Мастерс" санатындағы турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, канадалық Феликс Оже-Альяссимге (ATP рейтингінде 8-орын) жол берген болатын.