Бөлмеде 2023 жылы туған сәби болған
Семейде құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған сәбиді құтқарды
ТЖМ
3,744
оқылды

Абай облысының ТЖ қызметіне Семей қаласындағы көпқабатты үйдің бір пәтерінде кішкентай баланың жалғыз қалғаны туралы хабар түскен Анасы далаға шығып кеткен сәтте есіктің сыртынан жабылып қалғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Оқиға орнына құтқарушылар тобы дереу жетіп, терезе торын шешу арқылы пәтерге кіріп, есікті ішінен ашқан.

Бөлмеде 2023 жылы туған сәби болған. Құтқарушылардың айтуынша, бала аман-есен, медициналық көмекке жүгінудің қажеті болмаған.