Жеке-дара табыл­ған жәдігерлер бар, бірақ тұтас ма­териалдар сақталмайды, жо­ға­лады, бақылаусыз кетеді екен
«Тәртіп жоқ»: Асхат Аймағамбетов бүгінгі күннің өзекті мәселесі жайлы ашық айтты
t.me/mazhilis_kz
998
оқылды

Археология саласында қордаланған мәлселелер көп. Бұл жайлы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» пар­тия­сы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов айтты

Қазір археология са­ла­сын­да біркелкі тәртіп жоқ деуге бо­лады. Қай аймақта, қай жерде қан­дай қазба жүргізілді – толық біл­мейміз. Кім қазды, не тауып ал­ды, сол жұмыс ғылыми стан­дарт­тарға сай ма – бізде толы­ғы­мен ақпарат жоқ. Мысалы, ес­керт­кіштердің өзі 42 түрлі тізімде ша­шылып жатыр. Бір жерде бар, бір жерде жоқ, нақты барлығын қам­титын база жоқ. Ал қазба жұ­мысы туралы есеп деген мүлде тап­сырылмайды десек те болады. Қаз­ба жүргізіледі, бірақ оның нә­тижесі қағазда да, цифрлық жүйеде де жоқ. Жеке-дара табыл­ған жәдігерлер бар, бірақ тұтас ма­териалдар сақталмайды, жо­ға­лады, бақылаусыз кетеді. Нә­ти­­жесінде, бір ескерткішті бірнеше рет зерттеп, уақыт пен қаржы бос­қа кете береді, ал кейбір тари­хи орындар мүлде назарсыз қа­лып, жоғалып жатыр. Бұл – біз­дің мәдени мұрамызға жасал­ған үлкен қауіп. Енді осы жүйе­сіз­дік­тің бәріне нүкте қойылмақ. Ар­хео­логияға толық цифрлық ба­қы­лау енгіземіз. Енді кім қай жер­де қазба жүргізіп жатыр, қан­дай әдіспен, не тапты – бәрі бір жүйеде тіркеледі. Қазба жұ­мыс­тарының есептері, ескерт­кіш­тердің паспорттары, архео­лог­тар туралы ақпарат – барлығы ор­тақ цифрлық платформада бо­лады. Бұл жүйе салаға тәртіп әке­леді, ашықтық орнатады. Бұ­дан былай археологиялық мұ­ра­мыз кездей­соқ адамның қо­лын­да емес, мем­лекеттің ба­қы­­­лауында бола­ды. Бұл – тарихты сақтау жолын­да­ғы маңызды қадам, - деді депутат.

Сұхбатты мына сілтемеге өтіп толық оқи аласыз