Түркістан облыстық ауруханасында тұншығып жаны қиналған баланы аман алып қалды. Бұл туралы Aikyn.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұзындығы 4 сантиметр бұрандалы шегені бала байқамай жұтып қойған. Дәрігерлер жедел медициналық көмек көрсетіп, баланың жұтқыншағына тұрып қалған шегені операциясыз алып тастады. Мамандардың айтуынша, мұндай тосын жағдайда әрбір сәт өте маңызды. Баланың өмірін сақтап қалуда санаулы сәтте шұғыл көмек көрсетуге тура келеді. Ата-аналарға кішкентай балаға мұқият болуы керегін ескертеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.