АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келіп, Қазақстанның табиғаты мен халқының қонақжайлығына сүйсінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстан туралы жазба жариялады.
«Қазақстанның ең ірі қаласы әрі қаржы орталығы – Алматы Іле Алатауының баурайында орналасқан. Қаладан небәрі жарты сағаттық жерде әлемге әйгілі «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты бар. Біз мұнда қазақ халқының ерекше қонақжайлылығын сезіндік. Алтын қыран мен жаңа қазақ достарымның арасында өзімді үйімдегідей сезіне бастадым!» - дейді Кристофер Ландау.
Almaty, Kazakhstan’s largest city and financial capital, is located in the foothills of the Zailiyskiy Alatau mountains. Just half an hour outside of town is the world-famous Shymbulak ski resort, where we enjoyed some amazing Kazakh hospitality. I’m starting to feel at home here… pic.twitter.com/xIHgv39YQ7
— Christopher Landau (@ChrisLandauUSA) October 28, 2025
Айта кетейік, АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келді.
Сапар барысында қазақ-америка қарым-қатынасының перспективасы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің мәселелері талқыланатын бірқатар кездесу өтеді деп жоспарланып отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.