2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша 2026/27 жылғы еурокубоктарға қатысатын қазақстандық клубтар белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
-
«Қайрат» (Алматы) — Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы. Клуб 2026/27 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасын бірінші іріктеу кезеңінен бастайды.
-
«Астана» (Астана) — күміс жүлдегер. Клуб Конференция лигасында екінші іріктеу кезеңінен өнер көрсетеді.
-
«Тобыл» (Қостанай) — қола жүлдегер әрі Қазақстан кубогының иегері. Сондай-ақ Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастайды.
-
«Елімай» (Семей) — турнир кестесінде төртінші орынға ие болды және Конференция лигасында бірінші іріктеу кезеңінен ойнайды.
Осылайша, 2026/27 маусымында Қазақстанды еурокубоктарда төрт команда қатысады: «Қайрат», «Астана», «Тобыл» және «Елімай».
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз