Кадрлардан тәрбиешінің ашуға беріліп, балаға физикалық күш қолданғаны, ал қасында тұрған өзге қызметкердің сол баланың жүрісін кекетіп-пародиялағаны анық көрінеді.
Екінші топтағы мүгедек балаға күш қолданған тәрбиешіге қылмыстық іс қозғалды
482
оқылды

Әлеуметтік желілерде Құрманғазы ауданындағы зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері ерекше қажеттілігі бар балаға дөрекілік танытқан видеосы тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Кадрлардан тәрбиешінің ашуға беріліп, балаға физикалық күш қолданғаны, ал қасында тұрған өзге қызметкердің сол баланың жүрісін кекетіп, "пародия жасағаны" анық көрінеді.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, екінші топтағы мүгедектігі бар балаға күш қолданған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға 2024 жылы болған, алайда бұл туралы полицияға тек биылғы жылдың 25 қыркүйегінде хабар түскен.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Куәгерлер мен іске қатысы бар адамдардан жауап алынуда.