Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстіктің таулы аймақтарында фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады.
25 қазанда еліміздің басым бөлігінде тұман түседі – Қазгидромет
Фото: istockphoto.com
512
оқылды

Қазгидромет алдағы сенбі, 25 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде солтүстік антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика күнінде жауын-шашын еліміздің кейбір өңірлерінде ғана болатыны болжанып отыр.

Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстіктің таулы аймақтарында фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады. 

Республикамыздың басым бөлігінде түнде және таңертең тұман болып, еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел тұрады.

Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Алматы, Қарағанды облыстарының батысында, Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, шығысында, батысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.