Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Соңғы 5 жылда қылмыс саны, көшедегі бұзақылық едәуір азайды – Президент
270
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында соңғы 5 жылда қылмыс саны едәуір азайғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазақстан қауіпсіз ел болуы керек. Сондықтан «Заң мен Тәртіп» қоғамымыздың басты қағидаты саналатын болды. Осы жұмыстың аясында жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырып, күшейтеміз, онсыз Әділетті Қазақстан туралы айтудың өзі қисынсыз.

Соңғы бес жылда қылмыс саны және көшедегі бұзақылық едәуір азайды, қылмыстық ахуал қатаң бақылауға алынды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары азаюда, еліміздің бұл мәселеге қатысты тәжірибесіне шетелдік сарапшылардың ықыласы күшейді. 

Түптеп келгенде, «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құру үшін аса маңызды тетік», – деді Президент.