Температуралық фонда елеулі өзгеріс болмайды.
Жел, жаңбыр: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: youtube.com
4,330
оқылды

ҚР Ұлттық гидрометеорология қызметі алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Метеорологтардың болжамы бойынша, 23-25 қазанда температура көрсеткіші айтарлықтай өзгермейді. Тек елдің батысында нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық, жылы, жауын-шашынсыз болады.

Тек елдің батысы мен солтүстік-батысында циклон жотасының әсерінен жаңбыр жауады.

Сонымен қатар  республика аумағында жел күшейеді. Түнгі және таңғы сағаттарда батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түседі.

Температуралық фонда елеулі өзгеріс болмайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.