Мемлекет басшысы Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге құттықтау хатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді премьер-министр лауазымына сайлануымен құттықтап, Жапонияның игілігі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар Президент Қазақстан-Жапония қарым-қатынасын одан әрі нығайтып, екі елдің стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.