Желіде тараған ақпаратта жасөспірімге қорлық көрсетті деген ер адам қыздың ағайын атасы екені айтылған.
Түркістан облысында 15 жастағы қызды 71 жастағы туысқан атасы жүкті қылып қойған
1,939
оқылды

Түркістан облысында 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдікпен 71 жастағы ер адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Желіде тараған ақпаратта жасөспірімге қорлық көрсетті деген ер адам қыздың ағайын атасы екені айтылған. Жасөспірімнің зәбір көргенін ата-анасы қыздарының жүктілігінің жетінші айында бір-ақ білген.

Оқиға Түркістан облысының Келес ауданында болған. Туысынан қорлық көрді деген жасөспірім биыл ақпан айында босаныпты. Басынан өткенін ата-анасына айта алмаған. Жақындары жағдайды жүктілігінің жеті айында бір-ақ білдік дейді. Күдікті көрші үйде тұратын жетпіс жастан асқан туысы. Немере бағып отырған қарт өз кінәсін толық мойындаған. 

Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Сұмдық жайтты естіген ауыл тұрғындары бас көтеріп, күдіктінің отбасы көшсін деп талап етіп отыр.