Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерді қорғау жөніндегі өз міндеттерін атқару барысында әрекет етті.
«Отбасылық жанжалға араласқан»: Атырауда полиция қызметкерінің арқасына пышақ салған
917
оқылды

16 қазан күні сағат 20:50 шамасында Атырау қаласының Привокзальный шағынауданындағы үйлердің бірінде орын алған отбасылық жанжал – қоғамдық тәртіпті бұзу туралы хабарлама бойынша екі учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына барған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерді қорғау жөніндегі өз міндеттерін атқару барысында әрекет етті. Құқық бұзушы ер адамды полиция бөліміне жеткізу кезінде, пәтерде болған оның әйелі мас күйінде кенеттен учаскелік инспекторлардың бірінің арқа тұсына асүй пышағымен жарақат салған.

Әріптесінің кәсіби және жедел әрекетінің арқасында шабуылдың жолы кесілді.

Жарақат алған полиция қызметкері Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыс құралы – асүй пышағы тәркіленді.

Күдіктінің іс-әрекеті полиция қызметкерлерінің бейнежетонына жазылып алынған. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Баян Жанұзақова