Ол біраз уақыттан бері отбасылы екенін айтты.
"Ана болуға дайындалып жүрмін": актриса Альмира Тұрсын отбасындағы жаңалықты жариялады
Фото: әлеуметтік желі
685
оқылды

«Томирис» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Альмира Тұрсын әлеуметтік желіде сәби күтіп жүргенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Белгілі режиссер Ақан Сатаевпен көңіл жарастырды деген актриса 12 жылдан кейін тағы ана бақытын сезінетінін жеткізді.

"Сіздерге жаңалығымды қуана бөліскім келеді! 12 жылдан кейін қайтадан ана болуға дайындалып жүрмін! Бұл ғажайып пен бақыт үшін Құдайға шексіз алғыс!" - деді актриса. 

Ол біраз уақыттан бері отбасылы екенін айтты. Оқырмандарының сұрағын алдын ала біліп, бірден жауап берді.

"Мен көптен бері тұрмыстамын, үлкен отбасымызбен бірге өмір сүріп жатырмыз. Оның, менің және ортақ балаларымызбен. Ары қарай егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйын, себебі “бақыт тыныштықты сүйеді” дегенге сенемін!" - деді актриса. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Almira Tursyn (@almiratursyn)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.