Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Павлодарда жол апатынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды
464
оқылды

Апат салдарынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 11 қазан күні «Омбы–Майқапшағай» автожолының Қызылқоғам ауылынан 3 шақырым жерде ВАЗ-2110 маркалы көлік жүргізушісі ауа райының қолайсыздығына байланысты рульді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, бетпе-бет соқтығысқан.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Полиция департаменті жол апаттарының алдын алу үшін барлық жүргізушілер мен жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдық режимін реттеуді және көліктің техникалық жағдайын үнемі бақылауда ұстауды ескертеді.